ШҚО-да 4 әкімдік қызметкеріне айыппұл салынды

13 Тамыз 2023, 11:42
754
Бөлісу:
ШҚО-да 4 әкімдік қызметкеріне айыппұл салынды
Фото: Архив BAQ.KZ

Шығыс Қазақстан облысында Тарбағатай, Самар, Шемонаиха аудандарының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Altaynews.kz сайтының мәліметінше, айыппұлдардың жалпы сомасы 1 млн теңгеден асты.

2023 жылдың басынан бастап ҚР ӘҚБтК 680-бабы бойынша аудандар әкімдіктерінің дербес бөлімдерінің төрт басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы - 1 035 000 теңге, - деп хабарлады ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Өткен жылы 20-дан астам мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 14-і кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысқаны үшін жазаланды. Жалпы, олардан 6 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.

Сондай-ақ үш мемлекеттік қызметшіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 676-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды (жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі). Мемлекет кірісіне 918 900 теңге өндірілді.

ШҚО қалалары мен аудандарының білім бөлімдерінің тағы алты басшысына ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабы бойынша айыппұл салынды (іс жүзінде адамды лауазымға тағайындау, активтер мен міндеттемелер туралы декларациясыз). Өткен жылы айыппұлдардың жалпы сомасы 7,84 млн теңге болды.

Өзгелердің жаңалығы