ШҚО-да 23 адамнан көкжөтел анықталды

13 Маусым 2024, 00:43
304
Бөлісу:
ШҚО-да 23 адамнан көкжөтел анықталды
Фото: baq.kz

Шығыс Қазақстанда көкжөтелдің расталған 23 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, науқастардың көпшілігі 14 жасқа дейінгі балалар.

altainews.kz-тің мәліметінше, оның ішінде 1 жасқа дейінгі 3 баладан және 5 жасқа дейінгі 19 баладан анықталған. Барлығы Өскемен қаласының тұрғындары.

Диагноз қойылған балалардың барлығы өзіндік себептермен вакцинацияланбаған. Кейбірі егу жасына жетпесе, кейбірінің жағдайда ата-аналардың вакцинациядан бас тартыпты, - деді ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина.

Айта кету керек, 2023 жылы өңір бойынша Өскемен мен Күршім ауданында 14 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтелдің расталған 3 жағдайы ғана тіркелген.

Эпидемиологиялық зерттеу көрсеткендей, өткен жылыда көкжөтел вакцина алмаған балаларда тіркелген. Биылда дәл сондай жағдай қайталанып отыр, - деп атап өтті Сәуле Слямғазина.

Өзгелердің жаңалығы