Шығыс Қазақстан облысында 12 ауыл әкімі жауапқа тартылды

13 Қазан 2026, 10:22
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев 13 Қазан 2026, 10:22
13 Қазан 2026, 10:22
149
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында 15 заңсыз қоқыс орны анықталды. Заңбұзушылықтарға байланысты 12 ауылдық округ әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, заңсыз қоқыс орындары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы тексеру кезінде анықталған. Прокурорлар спутниктен түсірілген суреттерді зерттеп, аумақты тексерген.

Абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін полиция 177 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар бақылауды тиісінше жүзеге асырмағаны үшін 12 ауылдық округ әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады ведомство.

Прокуратураның хабарлауынша, салынған айыппұлдардың барлығы толық төленген.

Еске сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға арналған ірі зауыт құрылысына дайындық жүріп жатыр. Құны 145 миллиард теңгені құрайтын кәсіпорын тәулігіне 2 мың тоннаға дейін қоқыс өңдеп, бір мезгілде  электр энергиясын шығара алады.

Тағы оқи отрыңыз:

Наверх