Шойгу Қазақстанға мұрағаттық материалдарды табыс етті

16 Қазан 2020, 22:00
1606
Бөлісу:
Шойгу Қазақстанға мұрағаттық материалдарды табыс етті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресми сапар шеңберінде Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Сергей Шойгу Қазақстан Республикасы қорғаныс ведомствосының басшысы Нұрлан Ермекбаевқа 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақстандықтарға қатысты мұрағат материалдарын тапсырды.

Бірінші топтама – «Біз Жеңістің сарбаздары. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан».

Біздің мұрағаттардан барлық полктер мен бөлімшелердің тізімдері, олардың қалай және қайда соғысқаны туралы материалдар алынды. Мұнда Бас штаб басшылары мен сол кездегі Жоғарғы Бас қолбасшының және Ставка жетекшісінің шынайы құжаттары мен шешімдері берілген, – деді Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі.

Сондай-ақ, Ресей қорғаныс ведомствосының басшысы 1941-1942 жылдардағы газеттің бастапқы шығарылымын жеткізді. Онда Мәскеу түбіндегі шайқастарда панфиловшылар туралы алғашқы мәліметтер жарияланған.

Кеңес Одағының батыры, армия генералы, Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов туралы материалдар аса бағалы құндылыққа айналды. Ресей министрінің айтуынша, мұрағаттарда барлық қолда бар материалдар жинақталған. Оның ішінде қазақстандық тарап үшін жаңалық болатын деректер де бар.

Сергей Шойгу 2020 жыл Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығы екенін атап өтті. Маусым айында Қазақстан әскерінің бөлімшесі Қызыл алаңдағы Жеңіс шеруіне қатысты. Ол сондай-ақ Қорғаныс министріне, Қазақстан мұрағаттар қызметкерлеріне «Еске алу жолы» бірегей мұражайын құруға қосқан үлесі үшін зор алғыс айтты.

Өзгелердің жаңалығы