Шорт-тректен Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогына қатысады

25 Қараша 2019, 21:10
2486
Бөлісу:
Шорт-тректен Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогына қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында АҚШ пен Канададағы әлем кубогынан оралған қазақстандық спортшылар кезекті жарысқа қатысу үшін Жапонияға жол тартты, деп хабарлады prosports.kz.

29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Жапонияның Нагоя қаласы шорт-тректен әлем кубогының үшінші кезеңін қабылдайды.  Команда бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков кубоктік кезеңде бақ сынайтын спортшылар тізімін жария етті. 

Олар: Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұханов, Ольга Тихонова және Алена Волковитская.  Әлем кубогінің төртінші кезеңі 8-10 желтоқсан күндері Қытайдың Шанхай қаласында өтпек. 

Айта кетелік, АҚШ-та өткен әлем кубогінде қазақстандық Абзал Әжіғалиев 500 метрге жарысудан қола жүлдегер атанды. 

Өзгелердің жаңалығы