Шолу: Әлем елдерінде 2020 жылы өткен Парламент сайлауы

10 Қаңтар 2021, 16:04
2458
Бөлісу:
Шолу: Әлем елдерінде 2020 жылы өткен Парламент сайлауы

Бүгін, яғни 2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстанда парламент сайлауы өтіп жатыр. Аталмыш сайлауға еліміздің 5 партиясы қатысуда. ҚР ОСК-ның сағат 14:00-дегі мәліметі бойынша, сайлаушылардың жалпы санының 43,9%-ы дауыс берген. Осы орайда, былтырғы әлем елдерінде өткен парламент сайлауына шолу жасап, шет мемлекеттердегі парламент сайлауы қалай өтті, қаншалық әділ өтті деген сауалдарға жауап іздеп көрдік, деп жазды Strategy2050.kz.

Литвадағы Парламент сайлауы

2020 жылы Литвада парламент сайлауы өткен болатын. Оның бірінші кезеңі 11 қазанда, ал екінші кезеңі 25 қазанда өтті. Алғашқы кезеңде барлық сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санағаннан кейін бес пайыздан артық алған алты партия анықталып, екінші турға өтті.

Шолу: Әлем елдерінде 2020 жылы өткен Парламент сайлауы

Бірінші орынды «Отан одағы - Литваның христиан-демократтары» (SO-HDL) консервативті партиясы жеңіп алды, олар 24,8 пайыз дауыс жинады. Екінші орынды 17,5 пайыз қолдауға ие болған «Литва шаруалары мен «жасылдарының» одағы» партиясы (СКЗЛ) алды. Еңбек партиясын сайлаушылардың 9,47 пайызы, социал-демократиялық партиясын - 9,26 пайызы, бостандық партиясын - 9,02 пайызы, либералды қозғалысты - 6,79 пайызы қолдады.

25 қазанда өткен екінші турда да Консервативті партия жеңіске жетті. «Шаруалар» 16 орынмен екінші орынға, «Либералды қозғалыс» 7 орынмен үшінші орынға ие болды.

Дегенмен, бұл сайлауда бірқатар заң бұзышылық орын алды. Ол туралы сайлауды бақылаушы тәуелсіз ұйымдар хабарлап отырды. Мәселен, тәуелсіз  Baltosios ұйымының басшысы Мария Шарайтенің сөзінше, Литвадағы парламенттік сайлауда 170-тен астам заң бұзушылық орын алды деген хабарлама келген. Оның сөзіне сенсек, тіркелген заң бұзушылықтарды үш топқа бөлуге болады, атап айтқанда, саяси жарнаманы таратуда, сайлау комиссияларының жұмысында және сайлаушылардан пара алды деген бағытта орын алған. Жемқорлықтың 20-дан астам фактісі, мәселен, дауыс берушілерге бір дауыс үшін 5, 6 немесе 10 евро ұсынылған. Барлық ақпарат тергеу үшін полицияға жіберілген.

Саяси жарнаманы таратуға қатысты заң бұзушылықтар негізінен әлеуметтік желілерде тіркелді. Сайлау комиссияларының жұмысындағы заңсыздықтар туралы Мария Шарайте бақылаушылар сайлау кабинасына бір уақытта екі адам бару, сондай-ақ бюллетеньдерді суретке түсіру әрекеттері сияқты жағдайлар кездескенін атап өткен.

Венесуэла: Халықтың 31 пайызы қатысқан сайлау

2020 жылдың 6 желтоқсанында Венесуэлада кезекті парламент сайлауы өтті, оның қорытындысы бойынша 277 депутат сайланады. Сайлаудың нитижесі бойынша, қазіргі билік партиясы жеңіске жетті. Бұл туралы Венесуэла президенті Николас Мадуро да твиттер парақшасында жазба жариялады.

Ал 20-дан астам партия, оның ішінде оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдо билікті сайлауға дайындық кезінде заң бұзушылық жасады деп айыптап, сайлауға барып дауыс беруден бас тартты.

Шолу: Әлем елдерінде 2020 жылы өткен Парламент сайлауы

Осылайша, Венесуэла оппозициясының жетекшісі және өзін елдің президенті деп жариялаған Хуан Гуайдо өз кезегінде басқарушы режимді шантаж жасады, партияларды жойды, цензура, сайлау санәтижелеріне манипуляция жасап, қорқытты деп айыптады.

Сайлау күні көзге түскен бұзушылықтар болмағанымен, сайлау учаскелерінде халықтың аз қатысқаны айқын болған. Мәселен, Венесуэланың ОСК мәліметтері бойынша, парламенттік сайлауға қатысқандар саны 31% құраған.

Бұл сайлау нәтижелерін АҚШ, Бразилия, Канада және Колумбия билігі мойындамайтынын мәлімдеді.

Әзербайжандағы Парламент сайлауы

2020 жылы 9 ақпанда Әзербайжанда кезектен тыс парламент сайлауы өтті. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 125 орынның 71-ін президент Ильхам Әлиев бастаған билеуші ​​«Жаңа Әзербайжан» партиясы алды. Қалған орындардың көпшілігі шағын партиялар мен Әлиевтің партиясына адал тәуелсіз кандидаттарға тиесілі болды.

Шолу: Әлем елдерінде 2020 жылы өткен Парламент сайлауы

Дегенмен, бұл сайлауда да бірқатар заң бұзушылық орын алған. Халықаралық бақылаушылар дауыстарды санау кезіндегі маңызды процедуралық бұзушылықтарды айтып, және сайлаудың ашықтығы мен әділдігі жөнінде күмін келтірген. Мәселен, ЕҚЫҰ бақылаушылары Әзербайжандағы дауыс беру және парламенттік сайлау нәтижелерін санау кезінде көптеген заң бұзушылықтарды атап өткен.

Қазақстандағы Парламент сайлауы

Бүгін елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихатына депуттатар сайлауы өтіп жатыр. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты саяси шарада барлық санитарлық шаралар сақталған. Таңдаушылар үшін тест тапсыру қажет емес, тек сайлаушылардың дене қызуы тексерілетін болады.

Сонымен қоса, еске салайық, сайлауға 10 халықаралық ұйым мен 31 шетелдік елден 398 халықаралық байқаушы қатысып жатыр. Байқаушы мен комиссия мүшелеріне ПТР-сынамасын тапсыру міндеттелгенін атап өту керек.

Шолу: Әлем елдерінде 2020 жылы өткен Парламент сайлауы

Биылға сайлаудағы басты ерекшеліктерәне тоқталсақ, алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Бұдан былай жастардың үлесі арта түспек. Мәселен, қазіргі таңда еліміз бойынша 3 мыңнан астам мәслихат депутатының 60-ы ғана жастар. Сонымен қатар партиялар алғаш рет партиялық тізім бойынша жасақталады.

Бұл партиялардың өз позицияларын елдің саяси жүйесінде нығайтуға қосымша мүмкіндік береді, - деп атап өткен еді мемлекет басшысы бұл туралы.

Бүгін өтіп жатқан сайлауға сағат 20:00-де дауыс беру тоқтатылады. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 43,9%-ы дауыс берген.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, өзге елдердің сайлау науқанын өткізу тәжірибесімен бөліскен болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы