ШҚО-ның тұрақтандыру қорында 800 тоннадан астам көкөніс бар

11 Сәуір 2021, 07:50
1598
Бөлісу:
ШҚО-ның тұрақтандыру қорында 800 тоннадан астам көкөніс бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы «Ертіс» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Элдар Тұмашинов айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Тұрақтандыру қорын 2020-2021 жылдарға құру аясында 5700 тонна көкөніс өнімдері сатып алынған екен. Одан бөлек, 3 мың тоннаға жуық бакалея тобындағы тауарлар алынған, атап айтқанда, күріш, қарақұмық жармасы, кеспе, бірінші сорттағы бидай ұны.

Қоймадағы көкөніс өнімдері қорының жалпы көлемі – 843 тонна, оның ішінде 438 тонна картоп, 160 тонна орамжапырақ, 98 тонна сәбіз, 147 тонна пияз бар.

 


Өзгелердің жаңалығы