ШҚО-да жайылымдағы жылқыларды атып алып, ұрлаған күдікті ұсталды

24 Қараша 2021, 23:05
1214
Бөлісу:
ШҚО-да жайылымдағы жылқыларды атып алып, ұрлаған күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО полицейлері «Мал ұрлығы» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында облыс орталығының маңында қараусыз жайылып жүрген малды атып алып ұрлаған 40 жастағы Өскемен қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлады Алтайньюс.

20 қарашаға қараған түні өзінің «Toyota Land Cruiser» маркалы жол талғамайтын көлігімен полициядан жасырынбақ болған қаскөй ұсталды.

Ұстау орнына жақын жерде жедел-тергеу тобы шаруа қожалықтарының бірінің иесіне тиесілі құны 7 мың АҚШ доллары болатын асыл тұқымды жылқының жартылай сойылған етін тапты. Көліктің салонында тәртіп сақшылары көптеген оқ-дәрілері бар 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтықты және оның заңсыз қызметінің басқа да дәлелдерін тәркіледі.

Қазіргі уақытта мал ұрлығы фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды және ол кінәлі деп танылған жағдайда оған 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін, – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.
Өзгелердің жаңалығы