ШҚО-да жаңа жылда мейрамханалар жабылмайды

19 Желтоқсан 2020, 15:45
1594
Бөлісу:
ШҚО-да жаңа жылда мейрамханалар жабылмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа жыл қарсаңында ШҚО дәмханалары мен мейрамханалары таңғы төртке дейін жұмыс істейді.

2020 жылдың 31 желтоқсанынан 2021 жылдың 1 қаңтарына қараған түні қоғамдық тамақтану нысандарына сағат 07.00-ден 04.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Бірақ орын саны 50%-дан аспайды, көршілес үстелдер мен экстремалды орындар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтық сақталуы тиіс. 

Ешқандай жаңажылдық ұжымдық (корпоративті) іс-шаралар, конкурстар өткізуге болмайды. Үстелден тұрып, билеуге де рұқсат жоқ. Әрбір үстелде отыратын адам саны 6-дан аспауы тиіс.

Сонымен қатар 2021 жылдың 2 қаңтарында қоғамдық тамақтану орындары үшін бұрын белгіленген жұмыс уақыты: сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін қалады. 2021 жылдың 3 қаңтарында бұл нысандардың жұмысы тоқтатылады, - делінген облыстық бас санитардың қаулысында.

Өзгелердің жаңалығы