ШҚО-да шектеу шараларын бұзған 18 жағдай анықталды

20 Сәуір 2021, 07:21
860
Бөлісу:
ШҚО-да шектеу шараларын бұзған 18 жағдай анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да санитралық-эпидемиологиялық талаптар мен карантиндік шектеулерді сақтау бойынша рейд жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Алтайньюс.

18 сәуір күні Өскеменде мониторингтік топтар 296 кәсіпкерлік нысанды тексеріп, шектеу шараларын бұзудың 8 фактісін анықтады.

Ал Семей қаласында 378 нысаны бойынша тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, сауда үйлерінде, қоғамдық көліктерде және базарларда маскалық режимді бұзудың 10 фактісі тіркелді.

Сонымен қатар, Риддер, Курчатов, Алтай, Аягөз, Үржар, Ұлан, Абай, Зайсан, Глубокое, Бесқарағай, Күршім аудандарында рейд жүргізілді. Құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы