ШҚО-да қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

4 Маусым 2021, 23:14
2267
Бөлісу:
ШҚО-да қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында айналымы 200 миллион теңгеден асатын «Денежный поток» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті айналымы 200 миллион теңгеден асатын «Денежный поток» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Оны ұйымдастырушылар екі ай ішінде жарна сомасының 25 пайызы мөлшерінде апта сайын пайда табуға уәде берген. Бұл ретте салымшылар ресми шарт жасамады, ал ақша аударымдары ұйымдастырушылар шотына жіберілген, – деді Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі өкілі.

Жалпы қаржы пирамидасының «құрбандары» 370-тен асады. Олардың 43-і ғана сотқа жүгінген.

Қаржы жүйесін ұйымдастырушылар сотқа тартылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Өзгелердің жаңалығы