ШҚО-да карантиндік талаптарды бұзған 9 жағдай анықталды

ШҚО-да карантиндік талаптарды бұзған 9 жағдай анықталды
860

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да облыстың бас санитар дәрігері бекіткен шектеу шараларын сақтау бойынша рейд жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

23 сәуірде мониторингтік топтар Семей қаласындағы 229 кәсіпкерлік нысанға тексеру жүргізді. Сауда үйлерінде, базарларда және қоғамдық көліктерде маскалық режимді бұзудың 7 жағдайы анықталып, жалпы соммасы 87 510 теңгені құрайтын 2 айыппұл өндірілді. 

Риддерде 71 нысанға рейд жүргізіліп, шектеу шараларын бұзған 1 жағдай тіркелді. 

Курчатовта да 30 нысанға тексеру жүргізіліп, карантиндік талаптарды сақтамаған 1 жағдай анықталды. 

Сонымен қатар, санитарлық талаптарды сақтау бойынша рейдтер Бесқарағай, Зайсан, Абай, Үржар, Аягөз аудандарында өтті. Шектеу шараларын бұзғандар тіркелген жоқ.



Фото: ашық дереккөз