Шіркеу католиктерінің Қазақстанда тұру тәртібі жеңілдетіледі

1 Маусым 2023, 15:40
1167
Бөлісу:
Шіркеу католиктерінің Қазақстанда тұру тәртібі жеңілдетіледі
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ архив

Шіркеу католиктерінің Қазақстанда тұрақты тұру тәртібі жеңілдетіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенат «1998 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы Өзара қатынастар туралы келісімге Қосымша келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады.

Сенатор Қайрат Тастекеев Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы Қосымша келісімге Рим Папасы Францисктің Қазақстанға былтырғы іссапары барысында қол қойылғанын атап өтті.

Бұл шарт католик шіркеуі қызметшілерінің санатын, тиісті субъектілерді және құзыретті органдарды нақтылайды. Тұрақты тұру тәртібі жеңілдетіледі. Атап айтқанда, банк шотында ақша болуын және тұратын жерін растау туралы талаптар алынып тасталды. Шотында 1 320 айлық есептік көрсеткіш, яғни 4,5 млн теңге болуы қажет болатын, - деп айтты сенатор.

Сөзінше, олардың орнына католик шіркеуінің жазбаша растауы жеткілікті болады.

Атап айтқанда, шетелдік дін қызметшілері Қазақстанға миссионерлік виза бойынша 6 ай мерзімге келе алады және оны ұзарту құқығы шектеусіз беріледі. Бүгінгі күні елімізде Католик шіркеуінің 232 шетелдік миссионері тұрып жатыр. Дәлірек айтқанда, Польша – 99, Испания – 15, Корея – және Үндістан – 14-тен, Ресей – 13, Италия – 10, Австрия мен Литва – 5-уден және басқалары, - деп толықтырды ол сөзін.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, католиктердің Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсаты қандай жағдайда күшін жоятыны айтылды.

Өзгелердің жаңалығы