Шіркеу басшысы пандемия кезінде алып-сатарлық әрекеттер көбейгенін айтты

6 Қазан 2021, 12:57
2588
Бөлісу:
Шіркеу басшысы пандемия кезінде алып-сатарлық әрекеттер көбейгенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХІХ отырысында Евангелия-лютерандық шіркеу басшысы, архиепископ Юрий Новгородов айтты. Сондай-ақ ол соңғы екі жылда әлемде адамның еркінен тыс өзгерістер орын алғанын алға тартты.

Пандемия қоғамдық процестерге айтарлықтай ықпал етті. Індеттің ауырлығына өз басымнан өткерген адам ретінде еш күмән келтіре алмаймын. Бұл жағдай дүние жүзі бойынша алып-сатарлық әрекеттер көбейгенін де байқап отырмыз. Бұған адамның құқығы мен бостандығы, еркін жүріп-тұра алмау, қоғамдық өмір әсер етті, - деді архиепископ.

Оның айтуынша, ешқандай да кесек темір жанды қарым-қатынас пен қол алысудағы жылулықтың орнын баса алмайды.

Бүкіл әлем бойынша орын алған локдаун адамның өз-өзімен жеке қалуына себеп болды. Одан бөлек, ұлттық және діни қатыстылығына бойынша бөлінулер де болды. Біз бұдан былай вакцина алған немесе алмаған деген бөлінулер орын ала ма деп қорқамыз. Көптеген қабылданып жатқан шаралар дұрыс әрі қажет деп санаймын. Сонымен қатар олардың дұрыстығы мен жеткіліктілігі де маңызды. Ол қоғамның өмірі мен адами қарым-қатынасты тұқыртпауы тиіс, - деп атап өтті Юрий Новгородов.

Шіркеу басшысы өз сөзінде пандемия жаңа нәрселердің қатарында цифрландыруды әкелді деп отыр.

Ешбір саясаткерге де, мемлекетке де бағынбайтын өзге бір күштің пайда болғанын жоққа шығара алмаймыз. Ол өздігінен сөз бостандығының деңгейін анықтап, сөз бостандығына кімнің ие болатындығынан айқындайды. Бұл процестердің барлығы қалыптасқан өмір салты, дәстүрлер, қоғамдық процестер мен институттарды бағалауды түсінуге, жаңа мораль, адамгершілік пен этиканың туындауына алып келеді, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы