Шілдеде ауа райы қандай болады

1 Шілде 2023, 08:02
7050
Бөлісу:
Шілдеде ауа райы қандай болады
Фото: Архив BAQ.KZ

"Қазгидромет" РМК шілде айына арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Шілде айының бірінші онкүндігінде Қазақстанның батыс облыстарына Жерорта теңізінің шығыс жағалауы мен Орталық Азиядан жылы ауа массалары жылжып келіп, ауа температурасы түнде +12+17°С-тан +18+23°С-қа дейін күндіз +21+26°С-тан +30+38°С-қа жоғарылайды; оңтүстік-батыста түнде +15+22°С-тан +20+28°С-қа дейін, күндіз +25+35°С-тан +33+40°С-қа дейін көтеріледі, - дейді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басқа аймақтарында жылы және салқын ауа массаларының алмасуына байланысты ауа температурсында ауытқу болады:

  • елдің солтүстік-батысында түнде: +12+23°С-тан +10+18°С-қа, күндіз: +28+35°С-тан +22+27°С-қа дейін;
  • солтүстікте, ҚР орталығында түнде: +7+17°С-тан +15+20°С-қа, күндіз: +23+33°С-тан +27+35°С-қа дейін;
  • шығыста түнде: +3+13°С-тан +13+20°С-қа, күндіз: +17+25°С-тан +25+33°С-қа дейін;
  • оңтүстік-шығыста түнде: +12+20°С-тан +20+25°С-қа, күндіз: +25+33°С - тан +33+38°С-қа дейін, республиканың оңтүстігіндегі таулы аудандарда түнде: +5+10°С-тан +8+13°С-қа, күндіз: +20+25°С-тан +25+30°С-қа дейін.
  • оңтүстік өңірлерде түнде +17+23°С-тан +20+27°С-қа, күндіз +33+40°С-тан +27+32°С-қа дейін;

Бірінші онкүндік бойы атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты орын алады: жаңбыр жауады, жекелеген күндері қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, айдың басында елдің батысында, солтүстік-батысында, ал онкүндіктің ортасынан бастап Қазақстанның басым бөлігінде соққан қатты желдің екпіні 15-28 м/с дейін жетеді, ал осы кезде батыста, оңтүстік-батыста жаңбыр тоқтайды деп болжанады, - делінген хабарламада.

Екінші онкүндіктің басында республикамыздың басым бөлігінде негізінен ыстық және аз бұлтты ауа райы болжанады. Содан кейін екінші онкүндіктің соңында және айдың үшінші онкүндігінде синоптикалық жағдайдың жиі өзгеруіне байланысты, ыстық күндер салқын және жаңбырлы ауа райымен кезектеседі.

Сондай-ақ ауа температурасының ауытқуы күтіледі:

  • батыста және елдің оңтүстік жартысында түнде: +12+20°С-тан +20+26°С-қа дейін, күндіз: +23+28°С-тан +31+42°С-қа дейін;
  • республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнде: +8+15°С-тан +15+23°С-қа дейін, күндіз: +20+25°С-тан +27+36°С-қа дейін;

Жалпы алғанда, шілдеде ауаның орташа температурасы ҚР солтүстік жартысында климаттық норма шамасында, оңтүстік жартысында - нормадан 1°жоғары болады деп күтіледі. Жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде норма шамасында, ҚР солтүстігінде, солтүстік-шығысында, шығысында және оңтүстік, оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында нормадан сәл көп, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында және Қостанай облысының батысында - нормадан аз болады деп күтіледі, - дейді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

 

Өзгелердің жаңалығы