"Шикізат өндіре бермеуіміз керек". Үкімет басшысы мәлімдеме жасады

28 Мамыр 2024, 11:51
412
Бөлісу:
"Шикізат өндіре бермеуіміз керек". Үкімет басшысы мәлімдеме жасады
Фото: primeminister.kz

Біз шикізатты емес жоғары өңделген тауарларды өндіруіміз қажет. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластерлер құру үшін өңдеу секторының негізгі ірі жобаларының тізбесін айқындады. Оған металлургия, химия, мұнай-газ химиясы, автомобиль жасау және басқа да салалардың жобалары кірді. Шикізатты терең өңдеуге бағытталған барлығы 17 жоба бар. Олар өндірістік салалардың және бүкіл экономиканың дамуына ықпал ететін болады, - деді ол.

Бектенов өңдеу секторын дамыту бойынша барлық негізгі бағыттар мен міндеттер айқын екенін айтады.

Біз шикізатты емес жоғары өңделген тауарларды өндіруіміз қажет. Сонда ғана табыстың көбі елімізде қалады, экономиканың күрделілігі өседі. Жаңа Салық кодексінің жобасында салық ставкасы шығарылатын тауардың өңдеу деңгейіне байланысты болады. Яғни кәсіпорын жоғары өңделген тауар шығарса салық ставкасы төмен болады, ал жәй шикізат шығаратын болса салық жоғары болады. Бұл өндірістік дамуды ынталандыратын маңызды қадам, -  дейді Премьер-министр.

Бұған дейін Үкімет басшысы Олжас Бектенов осы аптаның соңына дейін су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды бағалау жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ Бектенов өндірісті жаңғыртудың маңызы жайлы айтты. Үкімет басшысы импорт өсіп бара жатқанын айтты. Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елімізде жыл соңына дейін мұнай-газ-химия өнімдерін өндіруді 75 пайызға ұлғайту көзделіп отырғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы