Шиелі ауданында тұрғын үймен қамту тұрақты іске асуда – Қызылорда облысы

7 Тамыз 2023, 01:31
1100
Бөлісу:
Шиелі ауданында тұрғын үймен қамту тұрақты іске асуда – Қызылорда облысы
Фото: gov.kz

Шиелі ауданының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету жүйелі іске асырылып келеді. Мұнда үй кезегінде 1800-ге жуық азамат тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондықтан ауданда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде. Бұл туралы жартыжылдық қорытындысына арналған брифингте Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов баяндады.

Биылғы мамыр айында көпбалалы отбасыларға 20 тұрғын үйдің кілті табысталған еді. «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында 833,2 млн теңге қаржы бөлінген. "Көкшоқы" шағын ауданында 72 пәтерлік тұрғын үй құрылысы аяқталып, жақын арада пайдалануға беріледі. Пәтерлер комиссия шешімімен заң аясында барлық санатқа бөлінеді, - деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, республикалық бюджеттен 480 млн теңге қаржы қаралып, 50 тұрғын үй құрылысы басталған. Жыл соңында бұл үйлер де халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына берілмек.

Өзгелердің жаңалығы