Шетелге баруды тоқтата тұру керек – елорданың бас санитарлық дәрігері

8 Желтоқсан 2021, 18:35
1101
Бөлісу:
Шетелге баруды тоқтата тұру керек – елорданың бас санитарлық дәрігері

Нұр-Сұлтан, BAQ .KZ тілшісі. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады. Оның айтуынша, жаңа «Омикрон» штамы бұрынғы штамға қарағанда өте жұқпалы.

Баршаңызды шетелге баруды кейінге қалдыруға тұруға және осы зиянды вирусқа қатты көңіл бөлуге шақырамын. Сонымен қатар вакцина жасатуды ұмытпау қажет. Алғашқы вакцинация немесе ревакцинация екендігіне қарамастан екпе алған дұрыс. Әр вакцинация тиімді, екпе алған адам өз қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, соның ішінде аурудың күрделі ағымынан қорғайды, - деді Сархат Бейсенова.

Сондай-ақ еліміздің бас қаласында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда бірінші компонентпен 65,6% адам, екінші компонентпен 61,4% адам қамтылды. Елорданың медициналық мекемелерінде қайта вакцинациялау басталды. 2 мыңнан астам адам COVID-19-ға қарсы ревакцинациядан өтті, - деп отыр Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері.

Еске сала кетейік, бұған дейін «омикрон» штамына тән белгілерді атаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы