Шетелдік университетке түсуге көмектесемін деген алаяқ әйел ұсталды

17 Наурыз 2023, 04:22
770
Бөлісу:
Шетелдік университетке түсуге көмектесемін деген алаяқ әйел ұсталды
Фото: caspiantoday.kz

Шетелдің университеттеріне оқуға түсуге көмектесемін деп алматылықтардан ақша алған 46 жастағы алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен 46 жастағы Б. есімді күдікті ұсталды. Болжам бойынша, әйел адам азаматтардың сеніміне кіріп, шетелдің беделді университеттеріне оқуға түсіруге уәде етіп, ірі көлемде ақша алған. Ол Қытай, АҚШ, Германия елдерінде оқу орнын іздеу мен таңдау бойынша қызмет көрсетуге жалған келісімшарттар жасап, ата-аналарды ЖОО-ы жүз пайыз қабылдайды деп сендірген. Бұдан бөлек әйел адам клиенттер ақысын төлеген жағдайда, бұл университеттерде сессиядан өтуге көмектесетінін де айтқан. Алданған азаматтар ішкі істер органдарынан көмек сұрады, – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

Бүгінде күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда. 

Аталған деректер ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3 бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркелді. 

Өзгелердің жаңалығы