Шетелдік блогер Алматы туралы ролик түсірді

28 Наурыз 2023, 18:12
720
Бөлісу:
Шетелдік блогер Алматы туралы ролик түсірді
Фото: Алматы әкімдігі

Атақты араб-израильдік блогер Нусейра Ясиннің шығармашылық тобы Алматының символына айналған алма туралы бейнеролик түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Nas Daily арнасы түрлі елдердің мәдени ерекшелігі жайлы сыр шертіп, әлем бойынша туристер баруға тиіс бірегей орындарды көрсетеді. 

Оның YouTube, Instagram @nasdaily, TikTok-тағы жалпы аудиториясы 60 миллион адамнан асады. 

Nas Daily ұжымы барлығы бес ролик түсірген, соның төртеуі Алматыға, біреуі Астанаға арналған. Туынды Алматы мен Қазақстанның мәдениеті, тарихы және т.б. ерекшеліктеріне арналған. 

Жүргізушілер Қазақстанға жасаған сапардан алған әсерімен бөлісіп, ұлттық тағам, салт-дәстүр, қонақжайлылық пен тамылжыған табиғат жайлы айтқан. Әрі туристерге Алматыға міндетті түрде келуге кеңес берді.

Өзгелердің жаңалығы