Шетелдерден елордаға оралған жолаушылар коронавирусқа тест тапсырудан бас тартты

6 Қазан 2020, 18:38
1286
Бөлісу:
Шетелдерден елордаға оралған жолаушылар коронавирусқа тест тапсырудан бас тартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БАӘ мен Түркиядан қайтқан 22 адам COVID-19-ға ПТР тест тапсырудан бас тартқан. Дәрігерлер келгендерді ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын орындауға бірнеше сағат бойы әрең көндірген екен. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

22 адам бас тартты, автобуста отырды және кіргісі келмеді. Біз көндіруге тырыстық, олар жанжал шығарып, бағынбады. Себептері әртүрлі болды. Түнге дейін түсіндірген соң, карантиндік стационарға бір-бірден кіре бастады, - дейді "Рамада Плаза" карантиндік стационарының директоры Жұлдыз Данбаева.

Наразылық білдірушілердің бірі - 42 жастағы қала тұрғыны. Ол сынақ нәтижелерін күткісі келмейтінін айтып, мекемеден кетуге тырысқан. Полицейлер ер адамға қатысты шаралар қабылдады.

Ер адам әйелімен және баласымен Түркиядан ұшып келді. Оның отбасы барлық процедуралардан өтсе де, ол талдау нәтижелерін күтпейтінін мәлімдеді және қашып кетуге тырысты. Полицейлер шара қолданды, - деп түсіндірді Жұлдыз Данбаева.

Дәрігерлер мұндай жауапсыз азаматтар тек жақындарының ғана емес, жалпы елдің денсаулығына қауіп төндіреді деп ескертеді. Сондай-ақ санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін, маска тақпағаны үшін тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Көктемде бәрі осылай басталды, елдің түкпір-түкпірінен келгендер арқылы инфекция кеңінен тарап кетті. Осындай қарсылық танытқандар басқа азаматтарға, жақындарына, туыстарына қауіп төндіреді, – дейді дәрігер.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қазаннан бастап Қазақстанда жаңа шектеулер енгізілді.

Екінші санаттағы елдерден келетін адамдар үшін термометрия, сауалнама жүргізу, үш тәуліктен аспайтын коронавирус тесті туралы анықтаманың болуы сияқты міндетті талаптар белгіленген. Анықтама болмаған жағдайда, шетелден келгендер COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін стационарда екі тәулікке дейін оқшауланады.


Өзгелердің жаңалығы