Шетелден 94 жолаушы ПТР анықтамасыз келген

13 Қаңтар 2021, 12:37
1364
Бөлісу:
Шетелден 94 жолаушы ПТР анықтамасыз келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 12 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Түркия, РФ, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан 16 халықаралық әуе рейсі келді. 


1 764 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 670 адам, анықтамасыз 94 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 401 жолаушы, анықтамамен - 1 350, анықтамасыз - 51;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 322 жолаушы, анықтамамен – 319, анықтамасыз - 3;

Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келді;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 40 жолаушы анықтамасыз келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.


Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет бойынша 2021 жылдың 12 қаңтарында анықтамасыз келген барлық 163 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті, - деп хабарлады Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Өзгелердің жаңалығы