Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шетелде жазасын өтеп жатқан қазақстандықтарға рақымшылық жасала ма?

19 Маусым 2025, 16:32
779
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

Қазіргі уақытта елдегі қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде 1000-нан астам шетел азаматтары жазаларын өтеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенатор Әсем Рахметова Ішкі істер министрлігіне сауал жолдады.

Қазақстан соттары үкім шығарған, бірақ ел аумағынан тыс жерде жазасын өтеп жатқан азаматтарға, жазасын өтеу үшін Қазақстанға берілген азаматтарға рақымшылық жасау іс жүзінде қалай жүзеге асады? Қай елдерді және неше адамды қамтиды? Олардың ішінде әлеуметтік осал топтарға жататыны бар ма? Шетелде жазасын өтеп жатқандарға рақымшылық жасалғанда оларды елге қайтару қалай жүзеге асады? - деді сенатор.

Қазір шетелдерде 1000-нан астам Қазақстан азаматтары жазасын өтеп жатыр. Оның ең көп саны – 800-ден астамы Ресей Федерациясында екен. Яғни басқа мемлекетте қылмыс жасап, сол мемлекеттің заңдарымен жазаланған азаматтар.

Аталған азаматтарды беру мәселесі ТМД елдерінде Мәскеу конвенциясы негізінде жүзеге асырылады. Алыс шетелдермен екіжақты халықарылық шарттардың негізінде жүзеге асырылады. Осындай шарттар 26 мемлекетпен жасалған. Былтыр 40-тан астам сотталған шетелдіктер мемлекеттеріне берілді. Олардың көбі Өзбекстан азаматтары және биылғы жылдың 5 айында 20-дан астам сотталған берілді. Олардың да көп бөлігі Өзбекстан Республикасының азаматтары. Аталған сотталғандардың өкілдері Қазақстан соттарына рақымшылық жөнінде жүгінетін болса, халықарылық шарттар негізінде олардың ондай құқылары бар. Шетелдерде жазасын өтеп жатқан Қазақстан азаматтарына аталған рақымшылық заң қолданылмайды. Тек қана келісімшарттар негізінде елге қайтарылған сотталғандарға қатысты қолданылуы мүмкін, - деді Ішкі істер министрінің орынбасары Абай Қайырбеков.

Еске салайық, осыған дейін түрмеде отырғандарға рақымшылық жасалатын болды деп хабарланған. Сонымен қатар жемқорларға рақымшылық жасала ма деген тақырып көтерілген. Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық жасалатыны да айтылды.

Қазақстанда қандай қылмыс кешірілетінін және кімдерде үміт бар екені жайлы да жаздық.

Қазақстанда кезекті рақымшылық заңы қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігін алғаннан бергі оныншы рақымшылық. Заң ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасаған, әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарды босатуды көздейді. Жемқорлық, терроризм, экстремизм, азаптау сынды баптармен сотталғандар рақымшылыққа ілінбейді. Мәжіліс депутаты, заңгер Абзал Құспенмен сұхбаттасып, рақымшылық алу процесі қалай жүзеге асатынын білген едік.

Бүгін Сенат рақымшылық жасау туралы заңды мақұлдады.

Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Абай Қайырбеков "өмір бойына сотталған Владислав Челах рақымшылыққа іліге ме?" деген сауалға жауап берді

Еске салсақ, "Арқанкерген" шекара бекетінде 2012 жылы мамыр айының соңында қайғылы оқиға болды. Ол жерде 15 адам шекара қызметін атқанған. Кейін 14 адамның мәйіті табылды.

Сондай-ақ, жақын жерде орналасқан аңшы үйінен қорықшының мәйіті табылды. Бірнеше күннен кейін тірі қалған жалғыз шекарашы – 19 жастағы қатардағы Челах ұсталды. Басында ол әріптестері мен қорықшыны өлтіргенін мойындады. Кейін ол мұны қысым көрсетілген соң мойындағанын айтты. 2012 жылдың 11 желтоқсанында қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған әскери сот Челахқа өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

2022 жылғы 21 желтоқсанда хабарлағанымыздай, өмір бойына сотталған Владислав Челах Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды.

Өзгелердің жаңалығы