Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Челах рақымшылыққа іліге ме?

19 Маусым 2025, 15:58
5240
Бөлісу:

Бұл сұраққа Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Абай Қайырбеков жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, Владислав Челах жазасын өмір бойы бас бостандығынан айырылғандарға арналған мекемеде өтеп жатыр.

Заңнамаға сәйкес талаптардың бәрін орындап отыр. Оның рақымшылыққа ілігуіне қатысты қандай да бір материал қаралып жатқан жоқ, – деді Абай Қайырбеков.

Еске салсақ, "Арқанкерген" шекара бекетінде 2012 жылы мамыр айының соңында қайғылы оқиға болды. Ол жерде 15 адам шекара қызметін атқанған. Кейін 14 адамның мәйіті табылды.

Сондай-ақ, жақын жерде орналасқан аңшы үйінен қорықшының мәйіті табылды. Бірнеше күннен кейін тірі қалған жалғыз шекарашы – 19 жастағы қатардағы Челах ұсталды. Басында ол әріптестері мен қорықшыны өлтіргенін мойындады. Кейін ол мұны қысым көрсетілген соң мойындағанын айтты. 2012 жылдың 11 желтоқсанында қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған әскери сот Челахқа өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

2022 жылғы 21 желтоқсанда хабарлағанымыздай, өмір бойына сотталған Владислав Челах Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды.

Өзгелердің жаңалығы