Шетелде Түркиядағы президент сайлауының екінші туры басталды

21 Мамыр 2023, 12:58
817
Бөлісу:
Шетелде Түркиядағы президент сайлауының екінші туры басталды

Түркияның шет мемлекеттерде тұратын азаматтары үшін президент сайлауында дауыс берудің екінші турында дауыс беру басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Анадолу» агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, 73 мемлекетте 167 сайлау учаскесі ашылды.

Түркияның шетелдегі өкілдіктерінде дауыс беру 24 мамырға дейін жалғасады. Шетелдегі бекеттерде, жер үстіндегі бақылау-өткізу бекеттерінде, әуежайлар мен теңіз айлақтарында 28 мамыр, сағат 17.00-де аяқталады.

Деректерге сәйкес, шетелде тіркелген түрік сайлаушыларының ең көбі Германияда – 1,5 млн адамдай тұрады.

Сайлауда таңдауды ел тізгінін алуға екі үміткер – қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған мен оппозиция атынан жалғыз кандидат Кемаль Кылычдароғлы арасында жасау қажет.

Түркияның өзінде сайлаудың екінші туры жексенбі, 28 мамырда басталады. Бірінші турда Ердоған Кылычдароғлыны 4,5 пайыз дауыспен басып озды.

Өзгелердің жаңалығы