Шетелде жүрген 175 мың азаматты елге қайтаруға ниеттіміз - Абаев

27 Сәуір 2020, 19:51
1738
Бөлісу:
Шетелде жүрген 175 мың азаматты елге қайтаруға ниеттіміз - Абаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шет мемлекеттерде Қазақстанның 175 мың азаматы жүр екен. ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев олардың келгісі келетінін елге қайтарамыз деп айтты.

Қазір шетелде Қазақстан Республикасының 175 мың азаматы бар. Олардың көпшілігі Отанына оралғысы келеді. Президент айтқандай, мемлекет ешкімді қиындықта тастамайды. Сондықтан қайта оралғысы келетіндердің барлығын әкелеміз. Қазір Сыртқы істер министрлігі осы бағытта үлкен жұмыс жүргізуде. Жақын арада шетелдегі азаматтарды тасымалдау басталады, - дейді Дәурен Абаев. 

Беларусь президенті Лукашенко жауапкершілігі жоқ туристерді сынап, оларды елге әзір кіргізбейтінін айтқан болатын. Абаевтың айтуынша, Қазақстан тіпті ауырған шетел азаматтарын емдеуге әзір екенін айтты.

Өздеріңіз білетін шығарсыздар, кейбір дамыған елдердің өзінде шетел азаматтарын емдеуден бас тартып, медициналық сақтандыруды жойып жатыр. Мысалы, біз АҚШ-тан 179 азаматымызды алып келеміз. Бұлар студент пен мектеп оқушылары. Польшадан 65, Израильден 28 азаматымызды жеткіземіз. Ресейден мамыр айында 6 мыңнан аса азаматымызды әкелуді жоспарлаудамыз, - деді министр.
Өзгелердің жаңалығы