Шенген визасын алу жеңілдей ме? СІМ келіссөздердің қай кезеңде екенін айтты

Енді мемлекеттер ішкі мемлекеттік рәсімдерді бастайды.

Бүгiн 2026, 15:51
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 15:51
Бүгiн 2026, 15:51
120
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы визалық режимді жеңілдету жөніндегі келіссөздер аяқталуға жақын. Қазір тараптар келісімге қол қою алдындағы ішкі рәсімдерді жүргізуге кіріседі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ерлан Жетібаев сарапшылар деңгейіндегі келіссөздер іс жүзінде аяқталғанын айтады. Ендігі кезең – әр мемлекеттің өз ішіндегі рәсімдерін аяқтауында.

Қазіргі уақытта сарапшылар деңгейіндегі келіссөздер аяқталды деуге болады. Енді мемлекеттер ішкі мемлекеттік рәсімдерді бастайды. Осы жұмыстар аясында көп мәртелік визалар беру, визаның қолданылу мерзімін ұзарту, визалық талаптарды жеңілдету және консулдық алымдарға қатысты жеңілдіктер қарастырылып отыр. Нақты ақпарат келісімдерге қол қойылғаннан кейін жарияланады, - деді ол.

Егер келісім күшіне енсе, қазақстандықтар үшін Еуропа елдеріне виза алу рәсімі жеңілдейді. Алайда оның нақты қашан жүзеге асатыны әзірге белгісіз.

Бұл – соңғы кезең. Бірақ ішкі мемлекеттік рәсімдер белгілі бір уақытты талап етеді. Еуропалық одаққа Шенген аймағындағы көптеген мемлекет кіреді, сондықтан нақты мерзімді қазір айту мүмкін емес. Барлығы аяқталғаннан кейін бұл туралы ресми түрде қосымша хабарлаймыз, - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Ауғанстанға 300 тонна гуманитарлық көмек жібергені хабарланды

Сондай-ақ, СІМ ресми өкілі Қазақстан Еуропадан мигранттарды қабылдау туралы келіссөз жүргізіп жатпағанын айтты

Наверх