Алматыда тауда адасқан екі жасөспірім құтқарылды

Жасөспірімдерге медициналық көмек қажет болмаған.

 ТЖМ баспасөз қызметі 8 Тамыз 2026, 07:14
8 Тамыз 2026, 07:14
147
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматыда тауға шыққан екі жасөспірім қараңғы түскеннен кейін туристік соқпақтан адасып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

Оқиға Медеу ауданындағы Бұтақты сарқырамасы маңында болған. 2008 жылы туған жасөспірімдер қараңғы түскен соң кері жолды өздігінен таба алмаған.

Алматы қаласы әкімдігінің Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары іздеу жұмыстарын жүргізіп, жасөспірімдерді жедел тапты.

Құтқарушылар оларды аман-есен Экобекетке жеткізіп, ата-аналарына тапсырды. Жасөспірімдерге медициналық көмек қажет болмаған.

Құтқарушылар тауға шығар алдында бағытты алдын ала жоспарлап, ауа райы болжамын тексеруге және қараңғы түскенге дейін кері қайту уақытын есептеуге кеңес береді. Сондай-ақ жақындарыңызға қай бағытқа баратыныңызды алдын ала хабарлау маңызды.

 

Наверх