Шемонаихадағы жарылыс: Зардап шеккендерге қандай көмек көрсетілетіні анықталды

23 Маусым 2023, 12:36
687
Бөлісу:
Шемонаихадағы жарылыс: Зардап шеккендерге қандай көмек көрсетілетіні анықталды
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев кеше Шемонаихада болған жарылысқа қатысты мәлімдеме жасап, зардап шеккендерге қандай көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

YK-news.kz мәліметінше, қазір Төтенше жағдай болған жерге ШҚО ПД бастығы мен тергеушілер барды.

Тиісті органдар жарылыс себептерін анықтайтын болады. Төтенше жағдай болған жерге ШҚО ПД бастығы мен тергеушілер барды. Сонымен қатар менің орынбасарым Дархан Сапанов пен Шемонаиха ауданының әкімі Григорий Акулов та оқиға орнында. Зардап шеккендердің отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетін болады. Өңірде осыған ұқсас нысандарда оқиға қайталанбас үшін аталған төтенше жағдайды тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарлаймыз, - деді Көшербаев.

Еске салсақ, кеше Шемонаихада жанармай құю бекетінде газ баллондары жарылды. Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы 80 шаршы метрді құраған. Жарылыс салдарынан термиялық күйік алған 4 адам ауруханаға жеткізілді. 

22 маусымдағы жағдай бойынша екі адамның жағдай өте ауыр деп бағалануда. Олар жансақтау бөлімінде жатыр. 

Бұдан бөлек жарылыстан шыққан өрт бес автокөлікті шарпығаны анықталды.

Өзгелердің жаңалығы