Шемонаихадағы жарылыс: Зардап шеккен 2 адам қаза болды

26 Маусым 2023, 11:42
944
Бөлісу:
Шемонаихадағы жарылыс: Зардап шеккен 2 адам қаза болды
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Шемонаихадағы жанармай құю бекетіндегі жарылыстан зардап шеккен екі ер адам қаза болды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі. 

YK-news.kz мәліметінше, медицина қызметкерлері екі күн бойы Шемонаихадағы жанармай құю бекетіндегі газ баллондарының жарылысынан зардап шеккендерді аман алып қалу үшін барын салды. Дегенмен ер адамдардың денесінің көп бөлігін термиялық күйік шалғаннан кейін құтқару мүмкін болмады.  

Олардың денелерін шамамен 100%-ын күйік шалған. Әдетте бұндай зақым алған кезде емнің соңы қалай аяқталатыны белгілі болады. 48 сағат бойы медицина қызметкерлері оларды аман алып қалу үшін қолдан келгендерін жасады, дегенмен құтқара алмады, - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Жарылыстан зардап шеккен тағы екі адам - ер адам және әйел сауығып келеді. Олар оқыс оқиғадан кейін бірден хирургия бөліміне орташа ауыр дәрежеде жеткізілді.

Еске салсақ, 22 маусымда Шемонаихада жанармай құю бекетінде газ баллондары жарылды. Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы 80 шаршы метрді құраған. Жарылыс салдарынан термиялық күйік алған 4 адам ауруханаға жеткізілді. ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Шемонаихада болған жарылысқа қатысты мәлімдеме жасап, зардап шеккендерге қандай көмек көрсетілетінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы