Шекарадан заңсыз өтпек болғандар ұсталды

20 Қыркүйек 2019, 18:08
2474
Бөлісу:
Шекарадан заңсыз өтпек болғандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Заңсыз миграция ұйымдастырмақ болғандар ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

Өткен түнде шекарашылар Сарыағаш шекара отрядының «Бағыс»шекара заставасына қарасты аумақта, шекара бағанына жақын жерде екі автокөлікті тоқтатқан.

Volkswagen Golf және Ваз -2106 автокөліктерінен 4 қазақстандық және 6 Өзбекстан азаматы ұсталды.

"Өзбекстандықтар мемлекеттік шекара режимін бұзғандары үшін ұсталса, жерлестеріміз заңсыз миграция каналын ұйымдастыру бойынша күдікке ілініп отыр", - делінген хабарламада.

Істің анық-қанығын аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тексеретін болады.

Өзгелердің жаңалығы