Шекарадан ПТР анықтамасыз өтпек болған жүргізуші еліне қайтарылды

9 Қаңтар 2021, 20:30
1181
Бөлісу:
Шекарадан ПТР анықтамасыз өтпек болған жүргізуші еліне қайтарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында ҚР Мемлекеттік шекарасынан ПТР-анықтамасыз өтпек болған автокөлік жүргізушісі ел аумағына жіберілмеді.

2021 жылғы 9 қаңтардағы жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирустық инфекциясын жұқтырған 9 779 науқас тіркелген, оның ішінде 6 044 науқас 61,8% Павлодар қаласында тіркелген.

Соңғы тәулікте КВИ-дің 114 жағдайы тіркелген. Облыс көлемінде анықтаған COVID-19 жағдайларының 185- шеттен әкелінген. Індеттің 6 681 ошағы тіркелген, сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 1301,7 құрады.

Бұл ретте, сырқаттанушылықтың репродуктивтік көрсеткіші 1-ден аспайды. Сарапшылар аймақтағы COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақты деп бағалауда.

2021 жылғы 2-8 қаңтар аралығында, COVID-19-дың жаңа 535 жағдайы тіркелді, алдыңғы аптада, яғни 2020 жылдың 26 желтоқсаны мен 2021 жылдың 1 қаңтарға аралығында - 546 жағдай тіркелген болатын.

Соңғы тәулікте мемлекеттік шекарадан 158 адам өткен, оның ішінде 85 жаяу және 73 ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері бар, тиісті анықтамасыз келген 12 қазақстандық карантиндік стационарға орналастырылған.

Соңғы тәулікте автоөтпе жолдары арқылы өткен адамдар арасында COVID-19 жағдайлары анықталмаған. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының бір азаматына ҚР Мемлекеттік шекарасынан өту кезінде ПТР-тексерудің теріс нәтижесі бар анықтамасы болмағандықтан ел аумағына кіруіне тыйым салынған.

Өзгелердің жаңалығы