Шекарада төбелес шығарған көпбалалы анаға қатысты сот үкімі шықты

Оқиға Қырғызстаннан Қазақстанға өтетін «Айша бибі» өткізу пунктінде болған.

27 Шілде 2026, 20:20
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев 27 Шілде 2026, 20:20
27 Шілде 2026, 20:20
250
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Жамбыл аудандық сотында ұрып-соғу фактісі бойынша айыпталған әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сот мәліметінше, оқиға 2026 жылдың мамыр айында болған. Сотталушы отбасымен бірге Қырғызстаннан «Айша бибі» өткізу пункті арқылы оралып, мемлекеттік шекарадан кезектен тыс өтпек болған. Ескерту жасалғаннан кейін оның және кезегін күтіп тұрған әйелдердің бірінің арасында ауызша жанжал туындаған.

Шекарадан өткеннен кейін жәбірленуші болған жағдайды телефонға түсіре бастаған. Ол сотталушының ұлының телефонын итеріп жіберген кезде, әйел оған жақындап келіп, бетінен алақанымен ұрған. Төбелесті куәгерлер тоқтатқан.

Сотталушының кінәсі жанжалға қатысушылардың айғақтарымен, сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен және бейнежазбалармен дәлелденді. Әйел өз кінәсін мойындап, өкініш білдіріп, жәбірленушіден кешірім сұрады.

Сот кінәні мойындауды, өкінуді, соттылықтың жоқтығын, сотталушының қарамағында бес кәмелетке толмаған баласының болуын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерді.

«Әйел кінәлі деп танылып, оған 100 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды. Мұнымен қоса, жәбірленушінің пайдасына моральдық зиянды өтеу ретінде 300 мың теңге өндірілді», – деп хабарлады сотта.

Еске салайық, бұған дейін Ыстықкөлде қазақстандық туристің қатысуымен жанжал шыққаны хабарланды

 

Наверх