Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады

31 Қаңтар 2019, 11:07
6059
Бөлісу:
Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады

Алматы, BAQ.KZ. Ақпан айында Қазақстан-Қытай шекарасы тоғыз күнге жабылады.

Шакара ақпанның 2-нен 10 дейінгі аралықта жабық болады деді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіндегілер. 

Шекараның жабылуы Қытайда Көктем ұлттық мейрамының (қытай жаңа жылы) тойлануына байланысты болып отыр. Бұл күндері сондай-ақ қырғыз-қытай шекарасы да жабық болады деп хабарлады, ҚР шекара қыметі.

Көктем мерекесі қытайлықтар үшін ең маңызды мейрам, оны екі мың жылдан бері тойлап келеді.

Өзгелердің жаңалығы