Шегірткенің еті халал ма? - Денсаулық сақтау министрі жауап берді

11 Маусым 2024, 13:51
2153
Бөлісу:
Шегірткенің еті халал ма? - Денсаулық сақтау министрі жауап берді
Фото: Midjourney

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова шегірткенің етіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілі Денсаулық сақтау министріне "Өткен жолы премьер-министрдік орынбасары Серік Жұманғарин шегіртке халал, оны жеуге болады" деп айтты. Ол біраз сынның астына қалды. Сіз – Қазақстанның бас дәрігерісіз. Осыған қатысты сіздің пікіріңізді білсек. Шынымен шегірткені жеуге бола ма сонда?" деп сұрақ қойды.

Министр Ақмарал Әлназарова бұл сұраққа түбегейлі жауап бере алмайтынын айтты.

Әріптестер, сіздерді құрметтеймін. Бұл сұрақтан қалыс қалсам. Әрбір мемлекеттің өзінің дәстүрі бар. Қазаққа тән емес, дәстүр деп білемін. Сондықтан қазір оның зияны, пайдасы бар, халал, халал емес деп айтуға дайын емеспін. Бұл менің құзыретіме кірмейді, - деді Ақмарал Әлназарова.

Өзгелердің жаңалығы