Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс мәлімдеді.
Оның айтуынша, елімізде шегірткелермен күрес қарқынды жүргізіліп отыр.
Республика аумағында ерекше қауіпті организмнің 12 түрі, зиянды организмдердің 5 түрі, карантиндік объектілердің 14 түрі таралған. Шегірткелермен күресуге ерекше көңіл бөлінеді. Биыл үйірлі шегірткелер 997,2 мың гектар алаңда таралған. Оның ішінде итальяндық прус – 760,6 мың гектар, азиялық шегірткелер – 201,0 мың гектар және марокко шегірткелері – 35,5 мың гектар жерден анықталды. Сонымен қатар саяқ шегіртке зиянкестері 270,0 мың гектар алаңнан байқалды, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Сонымен қатар ол зиянкестерге қарсы қазынадан қанша қаражат бөлінгенін айтты.
Жалпы шегірткелерге қарсы күреске республикалық және жергілікті бюджеттерден 2,5 млрд теңге бөлінді. Қаржы құралдары пестицидтер мен химиялық өңдеу бойынша қызметтерді барлық болжанған алаңға сатып алуға мүмкіндік берді. Үйірлі шегірткелерге қарсы тиімді өңдеу жүргізу үшін пестицидтердің әртүрлі топтарындағы препараттары сатып алынды. Облыс әкімдіктерімен бірлесіп, өңірлерде облыс әкімдерінің орынбасарлары басқаратын жедел штабтар құрылды және мониторингпен химиялық өңдеу жұмыстарды ұйымдастыру жұмыс жоспарлары бекітілді, - деді комитет төрағасы.