Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды

25 Қаңтар 2020, 04:30
1997
Бөлісу:
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан ММА Федерациясының вице-президенті Асылбек Дүйсенов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде қазақстандық Шавкат Рахмонов кіммен жұдырықтасатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Дүйсенов Instagram парақшасында хабарлады.

UFC-дегі дебюттік жекпе-жегіндегі Шавкат Рахмоновтың алғашқы қарсыласы (12-0), Бартош Фабинский (14-3, UFC құрамында 3-1) болмақ. Польшаның тәжірибелі және өте мықты файтері!  Лондон. 1 наурыз. UFC Fight night 171. Біздің спортшыға сәттілік және жеңіс тілейміз!, – деп жазды Дүйсенов.
Фабинский сегіздікке соңғы рет 2018 жылдың 17 қарашасында шықты. Сол күні поляк Майкл Празерестен жеңіліп қалды.
Өзгелердің жаңалығы