Шавкат Мирзиёев қайтадан Өзбекстан президенті атанды

10 Шілде 2023, 12:19
1055
Бөлісу:
Шавкат Мирзиёев қайтадан Өзбекстан президенті атанды
Фото: Ақорда

Шавкат Мирзиёев Өзбекстандағы президенттік сайлауда жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өзбекстанның ОСК төрағасы Зайниддин Низамходжаев мерзімінен бұрын өткен Президенттік сайлау қорытындысын жариялады. Белгілі болғандай Өзбекстанның қазіргі мемлекет басшысы 87,05% халық дауысын жинаған.

Президенттік сайлау Өзбекстанда 9 шілдеде өтті. Мемлекеттік ОСК мәліметінше, сағат 17:00-дегі жағдай бойынша сайлауға 69,85% халық қатысқан. 13 млн 459 мың 677 адам дауыс берген.

Жалпы президенттікке төрт үміткер болды. ОСК деректеріне сәйкес дауыс беру қорытындысы келесідей болды:

  • Улугбек Иноятов – 4,02%;
  • Шавкат Мирзиёев – 87,05;
  • Робахон Махмудова – 4,43%;
  • Абдушукур Хамзаев – 3,74%.

Өзбекстан заңнамасына сәйкес кемінде халықтың 33%-ы сайлауға қатысса, Президенттік сайлау өткізілді деп саналады. 

Президенттік сайлауда жеңіске жету үшін үміткер халықтың 50%-дан көп дауысын жинауы керек.

Айта кетейік, бұл Өзбекстан тарихындағы мерзімінен бұрын өткізілген бірінші президенттік сайлау екенін айта кеткен жөн. Ал Шавката Мирзиёев үшін үшінші президенттік сайлау болып отыр.

Өзгелердің жаңалығы