Шавкат Мирзиёев Қазақстанға келді

6 Желтоқсан 2021, 09:25
2032
Бөлісу:
Шавкат Мирзиёев Қазақстанға келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен Нұр-Сұлтанға мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев келді. Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәртебелі мейманның құрметіне Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында құрметті қарауыл сап түзеді.

Мирзиеевті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Көшбасшылар арасында шағын әңгіме өрбіді.

Бұл Өзбекстан президентінің осы лауазымға қайта сайланғаннан кейінгі алғашқы мемлекеттік сапары. Сапар аясындағы негізгі іс-шаралар дүйсенбі күні басталады,- деп жазды Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту, мәдени-гуманитарлық алмасуларды кеңейту мәселелері талқыланады.

Сондай-ақ екі ел басшысы аймақтық және халықаралық саясат бойынша пікір алмасады.

Келіссөздер нәтижесінде 20-дан астам екіжақты құжатқа қол қою жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы