Шәукенова: Жас қазақстандықтар «темір тордың» не екенін білмейді

2 Желтоқсан 2021, 11:36
2189
Бөлісу:
Шәукенова: Жас қазақстандықтар «темір тордың» не екенін білмейді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚСЗИ директоры, Ұлттық ғылым академиясының академигі Зарема Шәукенова «Тәуелсіздік – әрбір азаматтың іргелі құндылығы» жеті тұғырдың алғашқысы туралы айта келе Нұрсұлтан Әбішұлының «Елдіктің жеті тұғыры» аманатының басты адресаты және бенефициары – біздің жастар екеніне тоқталды.

Қазіргі уақытта Қазақстанның халық саны 19 миллионнан астам адамды құрады және қазақстандықтардың жартысы (0-28 жас аралығындағы 48,5%) тәуелсіз елде туып, бүкіл өмірін өткізіп жатыр. Олар тәуелсіздіксіз өмір сүрудің не екенін білмейді!, – деді ол.

Оның айтуынша, жас қазақстандықтың орташа келбеті оның адамдық және азаматтық құқықтарының мызғымастығына сенімділігімен сипатталады. Қазақстандық қыздар мен ұлдар өз болашағын таңдау құқығына шектеулердің болуы дегеннің не екенін білмейді.

Жас қазақстандықтар «темір тордың» не екенін білмейді. Жастарымыздың санасында еліміз әлем қауымдастығы әрқашан мойындаған, құрмет көрсетілетін ел. Бұл да олардың еңбегі. Қазақстандық жастар өткеннің идеологиялық шаблондарынан ада, оларға бүкіл әлем, әлемдік өркениеттің – мәдениет, ғылым, техника барлық жетістіктері ашық. Біздің жас ғалымдарымыз, әншілеріміз, өнер қайраткерлері, спортшыларымыз – бәрі де Қазақстанның халықаралық аренадағы жаңа келбетін қалыптастыратын үлкен күш, - деді Зарема Шәукенова.

Тәуелсіздік перзенттері дарынды, шығармашыл, прагматикалық және табаншыл. Олар өздеріне жоғары талаптар қойып, оны сәтті жеңе біледі. 

Жастардың жоғары сапасы – Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі. Сонымен қатар, жастардың өз құқықтары мен мүмкіндіктерін сөзсіз норма, табиғи жағдай ретінде қабылдауы Тәуелсіздіктің жас ұрпақ санасынан іргелі құндылық ретінде терең сіңгенін айғақтайды, - деді ҚСЗИ директоры.

Өзгелердің жаңалығы