«Шарасыз жағдайдағы көмек». Үкімет басшысы банкроттық заң жайлы айтты

11 Қаңтар 2023, 14:09
1325
Бөлісу:
«Шарасыз жағдайдағы көмек». Үкімет басшысы банкроттық заң жайлы айтты

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Биыл наурызда азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заң қолданысқа енеді. Бұл құжат кредитін төлей алмай, қиындыққа тап болған жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Заңда рәсімдердің үш түрі қарастырылған яғни соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Мұндай рәсімдерге қарыз алушының өзі ғана бастамашы бола алады. Азаматтардың міндетті түрде қаржылық сауаттылықты арттыру курстарынан өтуі көзделіп отыр, - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Смайылов банкроттыққа қатысты шаралар азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге және борыштық жүктемені азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Заң күшіне енгеннен кейін азаматтардың да жауапкершілігі артатын болады. Алдағы уақытта жылдам қарыз алу үшін кредиттік тарихының дұрыс болуына азаматтардың өздері мүдделі болуы тиіс. Банкрот деп мойындау қарыздарды төлемей кету емес, тек шарасыз жағдайдағы көмек екенін әркім білуі керек,- дейді Үкімет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы