Шәпкенов: Ата Заңға құрмет – егемендігіміз бен азаттығымызға құрмет

28 Тамыз 2022, 17:49
1264
Бөлісу:
Шәпкенов: Ата Заңға құрмет – егемендігіміз бен азаттығымызға құрмет

Атырауда 30 тамыз – Конституция күніне орай салтанатты жиын өтті. Шараға аймақ басшысы Серік Шәпкенов қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Серік Шәпкенов Ата заңға енгізілген өзгерістер - еліміздің даму жолындағы маңызды қадам екенін айтып өтті.

Біздің бабаларымыз ежелден ақиқаттың байрағын желбіретіп, елімізде әділдіктің салтанат құрғанын құп көрген. Сөйтіп, Ұлы Даламызда заманында сөз атасы – Майқы бабаның, Төле, Қазыбек, Әйтекелердей саңлақ билердің, Әз Тәуке, Есім мен Қасым хандардың Ережелері елдіктің шырағын жақты. Бүгінде дамудың жаңа кезеңінде, 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін республикалық референдум өткізіліп, бәріміз Жаңа Қазақстанды құру жолында еліміз үшін аса маңызды шешімдерді бүкіл халық болып қабылдадық. Жаңартылған Конституция негізінде биліктің барлық институты қызметінің мейлінше тиімді моделі қалыптасады. Қазақстанның ең басты байлығы – халық. Ал, ең негізгі мақсаты – азаматтардың бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету. Әрбір азаматымыз саяси өзгерістер мен экономикалық өсімнің жемісін көруі қажет, – деді облыс әкімі.

Мереке қарсаңында мемлекеттік қызметте, квазимемлекеттік секторда еңбегі еленген қызметкерлерге облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Өзгелердің жаңалығы