Шанхайда жүзден аса уақытша аурухана салынды

10 Сәуір 2022, 04:45
1768
Бөлісу:
Шанхайда жүзден аса уақытша аурухана салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 миллион тұрғыны бар Қытайдың Шанхай қаласында індеттің өршуімен күресу үшін уақытша ауруханалар көп салынып жатыр. Мысалы, шаһардағы ұлттық көрме орталығында құрылған емдеу орны жуық арада ашылады. Мәліметке сәйкес, Шанхайда вирус жұқтырғандар күн сайын артып келеді. Кеше тағы 22 мыңнан аса адамның симптомсыз дертке шалдыққаны анықталды. Қалада вирустың таралуын тежеу үшін карантин енгізілген.

Қазір шаһарда 8 мыңнан аса адамға арналған 8 арнайы аурухана жұмыс істеп жатыр. Алдағы күндері тағы бір топ емдеу орны науқастарды қабылдай бастайды. Бұдан бөлек 160 мың адамға арналған 100-ден астам уақытша аурухана салынды. Қазір аталған емдеу орындарын қажетті ресустармен жабдықтау жүріп жатыр, –Шанхай қаласының вице-мэрі Цзун Мин.

Өзгелердің жаңалығы