Шамалған трагедиясына айналған жол қашан жөнделеді?

14 Маусым 2023, 16:02
710
Бөлісу:
Шамалған трагедиясына  айналған жол қашан жөнделеді?
Фото: ОКҚ

Бұл туралы өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз конференциясында айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдерінің «Шамалған станциясындағы пойызбен автобус соқтығысқан жол қашан жөнделеді?» деген сауалына облыс әкімі жауап берді.

 Бұл мәселені шешу мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Автокөлік жолы бұрынғыдай теміржолдың ортасынан өтпейді. Тұрғындарға арнап жерүсті жаяу жүргіншілер жолағы салынады. Қазіргі таңда бұл жұмыстарды «ҚазАвтожол» компаниясы жүзеге асырып жатыр. Олардың мәліметінше, жөндеу жұмыстары келесі жылы аяқталады. Жаңа жол салынғаннан кейін теміржолмен жүретін жол жабылады, – деді Марат Сұлтанғазиев.

Өзгелердің жаңалығы