Шамалғандағы апат: Жол қараушысы тергеуге алынды

16 Қыркүйек 2019, 13:54
2571
Бөлісу:
Шамалғандағы апат: Жол қараушысы тергеуге алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Шамалғандағы апат жайлы осындай ақпаратымен бөлісті.

«Өткел толық жабдықталған. Енді біз шлагбаум мен арнайы металл құрылғыға қарамастан автобустың қоршаудың ар жағына қалай өтіп кеткенін анықтап жатырмыз. Қазір оқиға орны тексерілуде. Автобус пен тепловоз сараптамадан өткізіледі. Бұған қоса, бүгінгі күні оқиға орнында болып, осы апаттың алдын алу шараларын қабылдауы тиіс болған жол қарушысының кінәсі бар-жоқтығы анықталуда. Тергеу барысында толығырақ ақпарат береміз», - деді Ерлан Тұрғымбаев ОКҚ брифингі барысында.

Бұған дейін Тұрғымбаев 20 адамның 16-сы автобустан шығып үлгергенін айтқан болатын. Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр жарақат алғандардың кім екенін атап өткен еді. Сондай-ақ, теміржол өткелі талапқа сай толық жабдықталғанын хабарлаған болатын.

Атап өтсек, кеше Алматы облысы Шамалған станциясында «Алматы-Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызы мен «Алматы - Шамалған» бағытындағы автобус соқтығысты. Апат түсірілген видео да жарияланды. Бейнежазбадан шлагбаум алдында көліктер ұзын-сонар кезекте тұрғанын көруге болады. Осы сәтте жолаушылар пойызы келіп автобусты қағады.

ҚТЖ басшысының кеңесшісі Руслан Иманқұловтың мәліметіне сәйкес, автобус жүргізушісі сигналды елеместен пойыз жүретін жолға шығып кеткен.

Жол көлік оқиғасынан 1 адам мерт болып, 9 адам жарақаттанған. Қаза болған – автобус жүргізушісі.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған автобус жүргізушісінің туыстарына көңіл айтты.

Ал Ішкі істер министрлігі 3 жолаушының аудандық ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.

Одан кейін қайтыс болған жігіт 1979 жылғыекені белгілі болды. 2014 және 2016 жылғы балалар мен 33 жастағы әйелдің Қарасай аудандық емханасының жансақтау бөліміндеауыр халде жатқаны да анықталды.

Өзгелердің жаңалығы