Шалбар, орамал, сақал діни мәселе емес – Тұрсын Жұртбай

15 Қыркүйек 2023, 16:20
4237
Бөлісу:
Шалбар, орамал, сақал діни мәселе емес – Тұрсын Жұртбай
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

«Ұлттық идеология және ...» жобасының кезекті қонағы абайтанушы, ғалым Тұрсын Жұртбай болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ғалым кейінгі 6 жыл өмірін Абайдың рухани әлемін талдауға арнап, «Бір кемел» атты кітап жазып бітірді. Оның айтуынша, ол еңбекте шариғат, тариқат, мағрифат, ақиқат сатылары қамтылады және онсыз Абайды түсіну мүмкін емес. Сондықтан Тұрсын Жұртбаймен сұхбатты қазіргі дін мәселелерін қозғай отырып Абайдың діни көзқарасын тануға арнағымыз келді.

Неліктен абайтанушы бүгінде дауға айналған шалбар, орамал, сақал тақырыптарын діни мәселе деп есептемейді, қазақтар мұсылмандықтың қай заңын қабылдамаған, елімізде қысқа балақ пен паранджаға неге тыйым салмайды, дін туралы заң неге қазақтың мүддесін қозғамайды, оны кім жазды, Абай орыс тілі туралы не айтты, Қазақстандағы ғылым жайы қандай және тәуелсіздік алмай жатып тәуелді одақ құру туралы ғалымның ойын білгіңіз келсе, сілтеме арқылы өтіп, сұхбаттың толық нұсқасын тамашалай аласыз.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы