Шакираның концерті Қырғызстан экономикасына 30 млн доллар пайда түсіруі мүмкін

13 Қазан 2026, 20:00
АВТОР
 Instagram* @shakira 13 Қазан 2026, 20:00
13 Қазан 2026, 20:00
139
Фото: Instagram* @shakira

«Бішкек Аренада» өтетін Шакираның концерті Қырғызстан экономикасына 30 миллион долларға жуық табыс әкелуі мүмкін. Бұл туралы Қырғызстанның Туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік агенттігінің басшысы Эдуард Кубатов мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kg.

Оның айтуынша, шараға 60 мыңға жуық адам, соның ішінде 30 мың шетелдік турист қатысады. Олардың әрқайсысы билеттерге, тұратын жеріне, көлікке және басқа да шығындарға орта есеппен 940 доллар жұмсайды деп күтілуде.

Кубатов жаңа арена спорттық жарыстардың ғана емес, сонымен бірге халықаралық концерттердің, мәдени фестивальдердің және Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының да алаңына айналатынын атап өтті. Ведомствоның бағалауынша, жыл сайын 15-20 ірі шара өткізу нысанды бес–жеті жылда өзін-өзі актауға мүмкіндік береді.

Шакираның концерті 18 қазанға жоспарланған.

Айта кетейік, бұған дейін Шакираның Бішкектегі концертіне қазақстандықтар билет сатып алуда алға шыққаны хабарланды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Бішкекте Қазақстан банктерінің Kaspi аккаунттарын сату схемасы анықталды: 13 адам ұсталды

Қазақстандық дәрігерлер Бішкекте әлі дүниеге келмеген екі балаға операция жасады

«Бішкек Арена» 60 миллион долларға салынды деген ақпарат жалған – ресми дереккөз

 

Наверх