Шакираның Бішкектегі концерті: Қазақстандықтар билет сатып алуда алға шықты

Қазақстандықтар Бішкектегі Шакираның концертіне билет сатып алуда көшбасшы атанды.

2 Қазан 2026, 13:27
АВТОР
 www.instagram.com/24_kg 2 Қазан 2026, 13:27
2 Қазан 2026, 13:27
258
Фото: www.instagram.com/24_kg

Сатылымның алғашқы күнінде Шакираның концертіне 22 елдің тұрғындары билет сатып алды. Ал шетелдік сатып алушылар тізімінде қазақстандықтар көшбасшы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24KG-ға сілтеме жасап.

Әншінің концертіне сатылымның алғашқы күнінде 13 мыңнан астам билет сатылды.

Сатылымның негізгі бөлігі Қырғызстанға тиесілі – 77,32%. Билеттердің тағы 22,68%-ын басқа елдердің сатып алушылары сатып алды.

Шетелдік сатып алушылар арасында Қазақстан көш бастап тұр:

Қазақстан – 80,01%;

Ресей – 13,08%;

Өзбекстан – 3,8%;

қалған 18 ел – 3,1%.

Жалпы сатылым көлеміндегі Қазақстанның үлесі 18,15%, Ресейдікі – 2,97%, Өзбекстандыкі – 0,86% болды.

Сондай-ақ билеттерді АҚШ, БАӘ, Тәжікстан, Түркия, Германия, Қытай, Ұлыбритания және басқа да елдердің сатып алушылары сатып алды.

Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылдың қыркүйегінде Энрике Иглесиас Қазақстанға келіп өнер көрсеткен еді. 3 қыркүйекте әнші «Астана Аренада», ал 5 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өнер көрсетті.

 

Наверх