Шахталардағы апаттарға кінәлі адамдар жеңіл жазамен құтылмауы керек - сенатор

2 Қараша 2023, 21:50
678
Бөлісу:
Шахталардағы апаттарға кінәлі адамдар жеңіл жазамен құтылмауы керек - сенатор
Фото: скрин

Сенатор Сергей Ершов елдің премьер-министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында еліміздің өнеркәсіп қауіпсіздігіндегі жүйелі мәселелер туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенатордың айтуынша Арселор Миттал кәсіпорнындағы апаттар жүйелі түрде орын алып келеді. Қайғылы оқиғалардың негізгі себептерінің бірі – ескірген жабдықты пайдалану да проблема болып табылады.

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ жұмыс істеген жылдары көмір қабаттарын алдын ала газсыздандыру бойынша жұмыстарды тиісті деңгейде жүргізбеген, бұл осындай қайғылы оқиғалардың басты себебі болып табылады. Өткен ғасырда шығарылған құрал-жабдықтар әлі де қолданылады. Тозған жабдық жұмысшылардың өміріне және денсаулығына қауіп төндіреді. Бүгінгі таңда көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындардың иелері жабдықты ауыстыруға ақша үнемдеуді көздеп, бақылаушы органдар талап ететін өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізумен шектеледі. Осыған байланысты, қауіпті өндірістердің қауіпсіздігін бағалаудың объективтілігі үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға қауіпті өндірістік объектілерді жаңарту мен техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспарын келісу, сондай-ақ кәсіпорындардың оны уақтылы орындау жөніндегі міндетін бекіту функциясын беру орынды деп санаймыз, - деді Сергей Ершов.

Депутат сонымен қатар бүгінгі таңда өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы өндірістік бақылауды анықталған бұзушылықтарды әрдайым жоя бермейтін немесе жасыра бермейтін өндірістік бақылау қызметінің қызметкерлері атқаратынын атап өтті. Себебі олар жеке өндірістік бақылау қызметінің қызметкерлері емес, кәсіпорынның басқа қызметтерінде жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта қоғамда аталған трагедияға кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту қажеттігі туралы мәселе әділ көтеріліп отыр. Қазіргі тәжірибе көрсеткендей, бүгінде қаупі жоғары салаларға қатысты мемлекет тарапынан қатаң бақылау қажет. Осындай қайғылы оқиғаларға кінәлі адамдар жазаның жұмсақ түрімен құтылып кетпеуі керек. Қылмыстық заңнама нормалары өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді құралының біріне айналуы тиіс, - деді сенатор Ершов.

Өзгелердің жаңалығы