Шахтадағы апатқа кім жауапты?

3 Қараша 2022, 13:13
832
Бөлісу:
Шахтадағы апатқа кім жауапты?

Бұл туралы Сенат депутаты Қайрат Қожамжаров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мен прокуратура әрекет етпеді деп ойламаймын. Прокуратура әрекет етті. Біз бұл туралы білмеуіміз мүмкін, алайда соны білу үшін сауал жібердік. Сәйкес шара қолдану үшін барлық заңдық талап тар бар. Бұл жерде қылмыстық жауапкершілік қана емес, лауазымды тұлғалардың деңгейі мен олардың атқарымдық жауапкершілігіне байланысты материалдық жауапкершілік те қарастырылған. Бұл түрлі деңгейдегі жауапкершілік болуы мүмкін. Қазір сәйкес органдар тексеріс жүргізеді және заңға сәйкес шара қолданады. Біз тұлғалардың саны, олардың деңгейі мен жауапкершіліктердің түрі туралы білеміз деп ойлаймын, - деп атап өтті Қайрат Қожамжаров Сенаттың кулуарында журналистерге берген сұхбатында. 

Айтуынша, заңнамаға сәйкес, басшылық пен кәсіпорын құрылтайшылары арасындағы жауапкершілік бөлінеді. 

Барлық кінәлілер жауапкершілікке тартылуы тиіс. Бірінші кезекте, бұл жерде басшылардың, аталған фирма өкілдерінің бар екендігін, сондай-ақ осы салдар мен олардың әрекеті немесе әрекетсіздігі арасындағы себеп-салдарлық байланыстың барын дәлелдеу керек. Барлығы біздің сәйкес органдардың тексерісті қалай жүргізетіндігі мен оны дәлелдей алуына байланысты, - деді сенатор.

Еске сала кетейік, бүгін түнде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Ленин атындағы шахтада апат  болған еді.  Салдарынан 5 адам опат болды. 

Өзгелердің жаңалығы